Suivant

Абайлаңыз, қаржы алаяғы!

07/06/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Еліміз бойынша белгілі сарапшылар, бірнеше министрлер, депутаттар, медиакеңістіктің өкілдері қатысқан ауқымды онлайн шара өтті. Іс-шараға ұйытқы болған – қаржы мониторингі агенттігі. Онда әлеуметтік желілер арқылы қаржы алаяқтарының құрбаны болмаудың жолдары жан-жақты талқыға түсті. Жыл басынан бері елімізде 16 қаржылық пирамиданың тамыры кесіліп, алаяқтық тор құрған 180 чат пен 10 мыңнан астам сайт, аккануттар бұғатталыпты. Аңғал болмау, алаяқтың қақпанына түспеу үшін не істеу керек? Дәл осы сұрақтың жауабы аталған форумда берілді. Ең әуелі әрине, қаржылық сауаттылық керек! ЕСКЕНДІР ҚҰРАҚБАЕВ – ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ 004301 //Бұл онлайн форумға республика көлеміндегі белгілі жоғары оқу орындары қосылды, аудиториясы көп блогерлер, қоғам белсенділері қатысты. Біздің қаржы мониторингі агенттігі профилактикаға басымдық береді. Қаржы пирамидалары соңғы уақытта қоғамның сыздауығына айналды. Сондықтан барша қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығын арттыру аса маңызды. Қоғамға мейлінше молынан ақпарат беру керек. Қаржы пирамидасына қатысты дерек Қызылорда облысында да анықталып, бүгінде сотта қаралуда./ Спикерлер түрлі кейстермен бөлісті. Әсіресе өз өмірінің бір бөлігінде осы проблемамен бетпе-бет келген белгілі әнші Бағлан Әбдірайым Қызылордаға арнайы келіп, бүкпесіз шындықты айтып берді. Мақсат – өзге адамдардың қателеспеуін, жамандыққа ұрынбауының алдын алу. «Оңай ақша жоқ, кейбіреулердің инстаәлемде жалт-жұлт еткен тұрмысы жәй көзбояушылық екенін ұғыну керек», - дейді ол. Бүгінде жастардың басым бөлігі әлеуметтік желіде отырады. Сондықтан аудиториясы көп блогерлердің қаржылық сауаттылық тақырыбына басымдық бергені қошталады. АЗАМАТ СЕЙІТМАҒАНБЕТ – СТУДЕНТ //Бұл республика деңгейінде өткізілген форумнан біраз мағлұмат алдық. Қаржылық сауаттылық әрине, қажет. Әсіресе белгілі әнші Бағлан Әбдірайымның арнайы өзі келіп, бастан өткен мысалдарымен бөліскені дұрыс болды. Бұл форум қатысқан біраз адамға ой салды деген пікірдемін/ Тағы бір пысықтап өтейік, сайттарда, әлеуметтік желіде немесе электронды почтаңызға келген жеңіл, жылдам табыс табуға шақырған сілтемелерге өтпеңіз. Жеке деректеріңізді мессенджер арқылы жібермеңіз. Жеке шотыңыздың, картаңыздағы деректерді, ұялы телефоныңызға келген смс-кодтарды ешкімге бермеңіз. Банктерден, құқық қорғау органдарынан үрейлі дауыспен қоңырау шалып, қылмыстық іс қозғалғаны туралы айтып, жеке деректеріңізді сұрай бастаса сенбеңіз, ол нөмірді блоктаңыз, осылай жасау арқылы жүйкеңізді де, ақшаңызды да сақтайсыз. Ақпарат үшін айта кетейік: былтыр алаяқтардың шырмауына түскен қазақстандықтар 140 млрд теңгеге алданған! Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant