Suivant

Абай мұралары Сыр өңірінде

02/04/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Сыр өңіріне Абай мұраларының көшпелі көрмесі келді. Кезінде ұлы ақын қолданған құнды жәдігерлерді «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музейі ұсынып отыр. Қазақ әдебиетінде өшпес мұра қалдырған хәкім Абайдың өмір жолы мен шығармашылығынан сыр шертетін көрмеге келгендердің көбі жастар болды. Семей қаласынан жеткен жәдігерлердің ішінде ақынның «Тұмар» домбырасы, сыбызғысы, торсық пен ағаш құтысы секілді тұрмыстық заттар бар. Және 1909 жылы алғашқы жарыққа шыққан өлеңдер жинағы көпшілік назарына ұсынылды. БҰЛБҰЛНАЗ УАҚМЕТОВА - «ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ» МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ МУЗЕЙІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ Бұл көрмеде енді 1885 жылы Абайдың орыс досы Абай ауылында болған Н.Долгополов арқылы Семей қаласындағы өлкетану музейіне тапсырылған. Яғни, Абай ақынның алақанының ізінің табы қалған, Абайдың өз қолымен тапсырған, өзі тұтынған заттары көрермен назарына ұсынылып отыр./ Екі бөлімнен тұратын көрмеде ақынның өміріне қатысты құжаттар да қамтылған. Көрме қонақтары Абай оқыған Семейдегі Ахмет Риза медресесі жайында мәліметке қанығып, құнды қолжазбалармен, мұрағат деректерімен танысты. Ал, көрме жұмысы 13 сәуірге дейін жалғасады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant