АГРОӨНЕРКӘСІП СЕКТОРЫН КЕШЕНДІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ЖОЛ КАРТАСЫ ӘЗІРЛЕНДІ
Елімізде агроөнеркәсіп секторын кешенді дамытуға арналған жол картасы әзірленді. Маңызды құжат Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте бекітілді. Енді республикада егіс алқаптары жүйелі түрде әртараптандырылады. Бұл ылғалды көп қажет ететін дақылдардың үлесін азайтып, жоғары рентабельді өсімдіктердің, нақтырақ айтсақ, майлы дақылдар өндірісінің көлемін арттырады. Сонымен қатар, су үнемдеу технологияларын енгізу, тыңайтқыштарды қолдану деңгейін арттыру және ауыл шаруашылығы техникасын қарқынды жаңарту жоспарланған. Жол картасына мал басын көбейту мен ет пен астық өңдеуді арттыру жайы және агро нысандарды іске қосу жоспары да енгізілген. Жол картасын жүзеге асыру - агроөнеркәсіп кешенінің жалпы өнімін 2028 жылға қарай 2 есеге арттырып, 17 трлн теңгеге дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Әлихан Смайылов Жол картасының орындалуына ай сайын мониторинг жүргізуді және аталған мәселені тоқсан сайын Үкімет отырысына шығаруды талап етті. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/