Suivant

Аймақтағы ахуал тұрақталып келеді

20/12/23
JAMBYL TV
Dans Asie / Kazakhstan

Табиғаттың тосын мінезі аймақта табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялауға мәжбүр етті. Өткен апта соңында басталған сақылдаған сары аяздың арты боз боранға ұласты. Оқушылар онлайн оқуға кетті. Жолдар жабылды. Пойыздар да іркілді. Атқарушы атқарушы билік өкілдері қас қақпады. Төтеншеліктер мен тәртіп сақшылары тізе бүкпеді. Шұғыл шаралар қолға алынды. Нәтижесінде аймақтағы ахуал өткен тәулікке қарағанда жақсара бастады. Мәселен, үш күн бойы жабық тұрған «Мерке-Шу-Бұрылбайтал» автожолы ашылды. Күйік асуында да қозғалыс жандана бастады. Іркес тіркес тұрып қалған пойыздар қозғалды. Жарықсыз қалған ауылдардағы желі қайта жалғануда. Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев жағдайды жеке бақылауына алып, жедел штаб жұмыс істеді. Дегенмен, сақтансаң сақтайды деген облыс әкімі халықты қауіпсіздік шараларын ұстануға шақырды. Сайт - https://jambyltv.kz/ Instagram - https://www.instagram.com/jambyl_tv/ Facebook - https://www.facebook.com/jambyltv/ Tiktok - https://www.tiktok.com/@jambyltv08 Telegram - https://t.me/jambyl_tv

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant