АЙМАҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Атырау облысы инвеститция тарту бағытында республика бойынша көш бастап тұр. Мәселен, биыл өңірде 17 инвестициялық жоба іске асқан. Бүгінде әлем бойынша экономикалық ахуал тұрақсыз. Алайда соған қарамастан мұнай өнімін өндіру қарқыны бәсеңдеген жоқ. Бүгінде Жалпы құны 46,1 миллиардтан асатын 8 жоба нәтижелі. Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов елорда төрінде өткен аймақтың әлеуметтік экономикалық даму тақырыбында ұйымдастырылған баспасөз конференциясында айтты. Көктемгі су тасқыны біраз салаға кесірін тигізгені анық. Әсіресе,Жылыойдағы жағдай көпті есеңгіретті. Алайда қазір ахуал тұрақталды. Баспанасы қызыл су астында қалған халыққа өтемақы мен үй толық берілді. Астанада өткен алқалы жиын туралы Асылан Мәлікұлы тарқатып айтып береді. Сайт - http://atyrautv.kz/ online - http://atyrautv.kz/kz/online facebook - https://www.facebook.com/atyrautv/ VK - https://vk.com/atyrautvkz Instagram - https://www.instagram.com/atyrautvkz/ Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews #ATYRAU #TV #ATYRAUTV #АТЫРАУ #ТВ #АТЫРАУТВ #102FM #ATYRAURADIO #RADIO