Suivant

Аламесекте жаңа амбулатория ашылды

26/12/23
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Бір күнде төрт ауылда дәрігерлік амбулатория ашылып, 5 елді мекен көгілдір отынға қосылды. Сондай-ақ Өзгент ауылында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді. Облыс әкімі оңтүстік аудандарда жұмыс сапарымен болып, әлеуметтік нысандардың ашылу рәсіміне қатысты. Талаптан ауылының тұрғындары осыған дейін 40 жыл бұрын салынған емдеу нысанында дертіне дауа іздеп келді. Ыңғайластырылған ғимаратта бөлме жетіспейді, қажетті құрал-жабдық та толық емес болатын. Енді міне, ауыл тұрғындары үшін жаңа нысан пайдалануға берілді. Заманауи үлгідегі дәрігерлік амбулаторияда барлық жағдай жасалған. Аймақ басшысы ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтасып, құрылыстың сапалы салынуына атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant