Suivant

АЛМАТЫДА ЖЕР СІЛКІНДІ

24/01/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Алматыда бүгін түнде 5 балдық жер сілкінісі болды. Әлеуметтік желіде дүмпуден абдырап, жан сауғалаған жұрттың қауіп сейілгенше сыртта жүрген видеолары тарап жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша зілзала салдарынан ғимараттар мен құрылыстардың бұзылуы тіркелген жоқ. Алматыда көмек көрсету орталықтары жұмыс істеп жатыр. 1,5 мың адам түнде алдын ала дайындалған осы көмек көрсету орталықтарын паналаған. Қауіптің беті сейілген соң, таңға жуық бәрі үйлеріне оралған. НҰРЛАН АТЫҒАЕВ – АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТЖД БАСТЫҒЫ Қала әкімінің төрағалығымен арнайы штаб құрылды. Мегаполистегі барлық балабақшалар мен мектептерде қабылдау пункті ашылған. Олар сейсмикалық талаптарға сай. Сонымен қатар жедел желі қызметі де іске қосылды. Соңғы мәлімет бойынша оңтүстік астанадағы жер сілкінісі кезінде 3 адам терезеден секіріп кеткен. Олар бірден қалалық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер олардың жеңіл жарақат алғанын айтады. Тексерістен кейін екеуі амбулаториялық емдеуге жіберілді. Үшінші науқастың жағдайы ауыр, қазір ол ауруханада жатыр. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant