Suivant

Аралда үш кәсіби мереке тойланды

18/07/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Арал ауданында ветеринария, балық және су шаруашылығы қызметкерлері күні қатар тойланды. Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев аталған салалардың мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, үздіктерді мараппаттады. Тілші бейнематериалында толығырақ. Бүгінде балық шаруашылығы облыстағы экспорттық әлеуеті зор салаға айналып келеді. Себебі, су маржанына сұраныс өте жоғары. Арал теңізіндегі бағалы балықтың бірі – көксеркеге әсіресе еуропалықтар жиі тапсырыс береді. Жалпы Арал ауданында 9 ірі балық зауыты жылына 24 мың тонна өнім шығарып жатыр. АМАНЖОЛ ОҢҒАРБАЕВ – АУДАН ӘКІМІ «Рас, 2016-2017 жылдары теңіз суы 27 млрд. текше метр болса, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 20-21 млрд. текше метрді құрап отыр. Демек осы уақыт аралғында біз 7 млрд. текше метрдей теңіз суын жоғалтып отырмыз. Сәйкесінше теңізде балық қорының да азайғандығы байқалады. Бірақ біз қол қусырып қалған жоқпыз. Осы бір көрсеткіштердің орын толтыру мақсатында ауданнан арнайы делегация шығып, көршілес Түркістан облысы, Шардара ауданында болып, онда қарқынды түрде қолға алынған тоған шаруашылықтарының жай-күйімен танысты. Бүгінде ол жақтағы тәжірибе бізде де қолға алына бастады. Қазірдің өзінде ауданда жалпы саны 10-ның үстінде тоғандар бар. Онда өсіріліп жатқан балық өнімдері көлдерге жіберіліп, сол арқылы балық шаруашылығы саласын жандандыру жұмыстары қолға алынуда». Салтанатты іс-шарада балық шаруашылығына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар азамат марапат төрінен көрінді. Бүгінде аудан халқының 87 пайызы Сарыбұлақтың сапалы суын тұтынып отыр. Халықтың игілігіне жарап тұрған маңызды салада 300-ден аса маман еңбек етуде. Салтанатты шарада олардың да еңбегі еленді. ИСЛАМ ҚАПАРОВ – «АРАЛ-САРЫБҰЛАҚ ТОПТЫҚ СУ ҚҰБЫРЫ» ӨНДІРІСТІК БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ «Осы су саласында 30 жылдың үстінде қызмет жасап келемін. Оның 15 жылында осы басшылық қызмет етіп келемін. Біз енді Арал ауданы мен Қазалы ауданын тұрақты ауызсумен қамтамасыз етіп келеміз. 9-шілде су шаруашылығы қызметкерлері күнінде мені «Су шаруашылығы және ирригация министрінің» марапатын алып отырмын. Қанша істеген қиын да қыстау жұмыстарымызды бағалаған осы басшылыққа ризашылығымды білдіргім келеді». Сондай-ақ биыл елімізде алғаш рет 10 шілде «Ветеринария қызметкерлері күні» болып бекітілді. Жануарлардың саулығы мен одан алынатын өнімдердің маңызын басты назарда ұстайтын сала мамандары да марапат төрінен көрінді. ҚАЛЫБАЙ ЖҰМАШЕВ – АУДАНДЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ СТАНЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ «Біз негізі Арал ауданында Ветеринария саласы эпизотиялық-экзотикалық ауруларға қарсы түрлі вакциналар салып, жануарлардың әр түрлі ауруларының алдын алу бойынша жұмыс жасаймыз. Біздің мекемеде 160-тай мал дәрігері жұмыс жасайды. Қазір ауданымызда 40 мыңның үстінде жылқы малы бар, 36 мың түйе, 100 мыңдай қой, 56 мың ірі қара малдарымызға вакцина салумен айналысамыз. Ахуалымыз тұрақты, жұқпалы ауралар кездескен жоқ». Жаңа мәнге ие болған кәсіби мерекеде аудандық ветеринария станциясына 5 автокөлік табысталды. Салтанатты шара сала мамандарының құрметіне арнайы концерттік бағдарламамен қорытындыланды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant