АРАЛ АУДАНЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ
«Бұрынғы жобаларды қайта қаржыландыру деген бұдан былай болмайды». Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Арал ауданын дамытуға арналған алқалы жиында осылай деді. Өйткені, мердігерлер дәл осындай жолмен бюджеттен ақша алуды әдетке айналдырғанын ашық айтты. Тақырыпты тілшіміз Қозы Көрпеш Жасаралұлы тарқатады. Арал ауданында атқарылатын шаруа аз емес. Әсіресе, бірқатар елді мекенге білім нысандары ауадай қажет. Мәселен, Сапақ, Жалаңаш және Ақшатау ауылындағы мектептер әбден ескірген. Аталған нысандар кезінде асар әдісімен салынған. Балалардың сапалы білім алуына мүмкіндік аз. 3 мектептің құрылысына шамамен 4,6 млрд теңге қажет. Жақында ғана аудан әкімі қызметіне кіріскен Аманжол Оңғарбаев осындай өзекті мәселелерді ортаға салды. АМАНЖОЛ ОҢҒАРБАЕВ - АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ // Сапақ елді мекеніндегі №69 орта мектеп ғимараты асарлатып, ыңғайластырылып салынған. Қазіргі таңда 60 орынға арналған ғимаратта 1-11 сыныптарға дейін 119 бала, мектепалды даярлық тобында 8 бала білім алуда. Қыс мезгілінде мәселе туындауда. Ғимаратта акт залдары, спорт және физика-химия кабинеттері жоқ. Білімге қатысты тағы бір жайт. Аудан орталығындағы 600 орынға арналған №220 орта мектеп апатты жағдайда тұр. Қазір онда 1400-ден аса оқушы білім алып жатыр. Облыс әкімі шұғыл арада жоба-сметалық құжаттарын дайындап, тиісті жұмыстар жүргізуді тапсырды. Былтыр Арал қаласында теміржол үстінен өтетін аспалы көпірдің құрылысы басталды. Биылға республикалық және облыстық бюджеттен қосымша 1,7 млрд. теңге бөлінді. Десе де, жобалау кезінде біршама кемшіліктер кеткен. Қайта қаржыландыруға қомақты қаржы қажет. Аймақ басшысы бұл ретте жауаптыларға қатаң ескерту жасады. НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ // Проект жасайсыздар.ақшаны 2023 жылы аласыздар. 2024 корректировка. Ол қалай сонда? 10 жыл болған проекті болса түсінемін. Неге қателік кетеді? 4-5 жыл бұрын жасалған проектіге қаражат берілмеуі керек. Ешкімге ешқандай ақша берілмейді. Жалпы, биыл ауданда жол-құрылысын дамытуға 4,3 млрд теңге қаралып, 36 шақырымға жол төселмек. Ал электр желілерін жаңғыртуға 4,6 млрд теңге бағытталады. Оған Арал қаласындағы және елді мекендердегі жарық желілері жаңартылмақ. Сондай-ақ, биыл Сексеуіл кентіндегі құрылысы тұралап қалған 40 орындық аурухана, Тоқабай ауылындағы білім ошағы пайдалануға берілмек. Аймақ басшысы ауданда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын қатаң бақылау жасап, сапаға мән беруді тапсырды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/