Ассамблея жастары ұлттық ойындарда сайысты
Қазақстан халқы ассамблеясы облыстық филиалы түрлі этнос өкілдері арасында қазақтың ұлттық спорт ойындарынан сайыс ұйымдастырды. АСҚАР ТӘЖИЕВ – ТІЛШІ //Қазақта құралайды көзге атқан мерген деген тіркестер дәл осы садақ атуға қатысты айтылса керек. Спорттың бұл түрі мергендікті, дәлдікті, ептілік пен шыдамдылықты қажет етеді. Ендеше этнос жастарымен бірге біз де нысананы көздеп көрейік...// Вероника Русланқызы Орда жоғары колледжінің 2 курс студенті. Дене тәрбиесі мамандығы бойынша білім алуда. Садақ ату спорты бойжеткенге таңсық емес. Түрлі этнос өкілдері арасында ұйымдастырылған сайыста да мерген қыз нысана көздеуден мүлт кеткен жоқ. Садақ ату сайысында 10-ға жуық қатысушы бақ сынады. Олар 5 түрлі этностың өкілдері. Ассамблея жастары асық ату мен арқан тарту секілді қазақтың ұлттық спорттық ойындарында сыналды. Сайыс қорытындысымен жеңімпаз атанған жастарға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/