Suivant

АСХАТ ЖҰМАҒАЛИ: ЖЕМҚОРЛАРДАН ҚАЙТАРЫЛҒАН ҚАРАЖАТҚА 50-ДЕН АСТАМ МЕКТЕП АШЫЛДЫ

24/09/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Осы күнге дейін жемқорлардан қайтарылған қаражат есебінен елде 50-ден астам мектеп ашылған. Тағы 30 білім ұясын салу жоспарланған. Бұл жөнінде бүгін Президент қабылдауында болған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали мәлімдеді. Оның айтуынша, ведомство 2022 жылдан бастап мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 1 триллион 90 миллиард теңге сомасында мүліктік активтер мен қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз еткен. Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 153,3 миллиард теңге аударылған. Сонымен қатар Мемлекет басшысына бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндалды. Атап айтқанда, Агенттік Ұлттық банкпен және Қаржы министрлігімен бірлесіп, «Цифрлық теңге» платформасы арқылы жүзеге асыратын «ақшаны бояу» жобасын іске қосты. Тағы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жоғары лауазымды тұлғалардың қатысы бар қылмыстардың жолын кесу жұмыстары жалғасып жатқаны жөнінде мәлімет берілді. Кездесу соңында Мемлекет басшысы еліміздегі сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту жөнінде бірқатар тапсырма берді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant