Suivant

Ата мен немере сайысы

20/06/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Балалардың жазғы демалысын тиімді әрі көңілді өткізу мақсатында облыстық білім саласы ардагерлерінің ұйытқы болуымен «Бала – біздің жарқын болашағымыз» атты спорттық-өнер сайысы ұйымдастырылды. Көтеріңкі көңіл-күймен басталған іс-шараға 7 жұп қатысты. Ата мен немерелер сайысына қатысушылар 3 кезеңде бақ сынады. Алдымен жұптар өз-өздерін таныстырды. Мұнан кейін, ән айтып, би билеуден жарысты. Шешуші кезеңде асық атып, арқан тартысты. Жарыс жеңімпаздары алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Өскелең ұрпақты спортқа баулып, бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылған іс-шара балаларға ерекше әсер сыйлады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant