АУДАН ӘКІМІ КЕНТ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек кент тұрғындарымен кездесіп, атқарылған жұмыстардың есебін берді. Тілші бейнематериалында толығырақ. Биыл Қармақшыда қарқынды жұмыстар атқарылып жатыр. Аудан бюджеті 18 млрд. 593 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 55 пайызға артты. 18 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылып, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, құрылыс саласында өсім қалыптасты. Кент тұрғындарымен кездескен аудан әкімі осы бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. ЖАНДОС ЕРКІНБЕК, АУДАН ӘКІМІ 2022-2024 ж аралығында Төретам кенті мен Ақай ауылы газбен қамтылды. Ендігі кезекте ауданымызда 5-6 жылдың көлемінде шешімін таппай жатқан үлкен жоба ны бастап кеттік биыл. 7 млрд қаражат қажет ететін Жосалы кентінен Дүр оңғар ауылына дейін газ тарту жұмыстары.... Ал, Жосалы кентінің әкімі Алмасхан Әріпханұлы аудан орталығында жүзеге асып жатқан жобаларды рет ретімен атап өтті. Мәселен, «Тәуелсіздік» ықшам ауданының тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізсе, әлеуметтік осал топтағы 156 отбасы баспаналы болды. Аудан бюджеті есебінен және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында бірнеше көшеге жөндеу жұмыстары жасалып, жарықтандырылды. «Руханият жылы» аясында «Руханият орталығы» бой көтерді. Кент тұрғындарын толғандырып жүрген басты мәселенің бірі - темір жол өткелі салынатын болды. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Жиын барысында аудан әкімі көпшіліктің ұсыныс-тілегін тыңдап, сауалдарына жауап берді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/