Ауызбіршілік – берекенің бастауы
Өңіріміздің өркендеуіне талай жандар үлес қосты. Әсіресе, ауылдық жерде оқу ошағын ашып, шәкірт санасына білім сәулесін шашып, қарапайым қарекетімен қадірлі болған жандар бар. Солардың бірі – ұлағатты ұстаз Мінат Қалдыбаев. Шиелі ауданы, Ортақшыл ауылындағы №150 орта мектебінде ұстаздың құрметіне мұражай ашылды. Сондай-ақ, ұлыстың ұлы күніне орай ауыл тұрғындарына мерекелік шара ұйымдастырылды. Мінат Қалдыбаев 1907 жылы Шиелі ауданы, Ортақшыл ауылында дүниеге келген. Ауылда ең алғаш бастауыш мектептің ашылуына мұрындық болған ұстаз зейнетке шыққанша осында еңбек еткен. Мінат Қалдыбаевтың ұзақ жылдар білім саласына қосқан еңбегі ескеріліп «Еңбек Қызыл Ту» орденімен және «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Сондай-ақ, екі мәрте оқу ісінің озаты атанған. Ең бастысы әр оқушының санасына асқан мейірімділікпен білім нәрін себетін қасиетін ауылдастары риясыз көңілмен жеткізді. Сондықтан, Ортақшыл ауылының тату тұрғындары Жаңару күнінде Мінат Қалдыбаев атындағы мұражай ашуды жөн көріпті. АСАНХАН АҚПАНБЕТОВ – АРДАГЕР ҰСТАЗ //Музейде тұрған кітап Мінат Қалдыбаевтың өмірбақи жинаған дүниесі. 34 жылы осы мектепті ашқан,содан 67 жылы осы мектептің директорлығынан зейнетке шыққан. Мына дүниенің басым көпшілігі сол кісіден мұра болып қалған нәрсе. Мұнда құнды дүние 1905 жылы шыққан кітап бар. 35 жылы шыққан журналдың тігінділері бар. газеттер бар. мына тұрған кітаптардың ішінде сирек кездесетін кітаптар бар. Қазіргі жұрттардың қолына түспейтін. // СӘНИЯ МІНӘТОВА – М.ҚАЛДЫБАЕВТЫҢ НЕМЕРЕСІ // Қазіргі таңда атамның жолын қуып, көптеген немерелері, яғни шәкірттері Қазақстанның түкпір-түкпірінде өз саласымен қызмет атқарып келеді. Атамның негізі мақсаты осы ауыл жастарына ілім, білім беру болған. Білім ұясындағы мұражайдың ашылуынан соң мерекелік шара ұйымдастырылды. Ауыл халқы «Ата мұра – асыл қазына» атты көрме арқылы ауыл тарихына терең бойлай түсті. Ұршық иіріп, киіз басып, текемет тоқып, сырмақ әзірлеген әжелердің ән шашуы көпшілікті тәнті етті. Думанды тойға келген көпшілікке мектеп ұжымы ақ дастархан жайып, наурыз көжеден ұсынды. Жаңару күнін тойлауға келген көпшілікке салт-дәстүр мен әдет-ғұрпымызды дәріптейтін түрлі қойылымдар ұсынылды. Қазақтың төл өнері айтыс меркелік шараның көркін қыздырып, ақындардың кесек-кесек шумақтары таңдай қақтырды. КЕНЖЕБАЙ ЖҮСІПОВ – ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ, АЙТЫСКЕР АҚЫН //НАУРЫЗДЫ тойлаудың аясын биыл барынша кеңейтті. Ол біздің сат-дәстүрімізге, қазақы қанымыздағы, бұрын ата-бабамыз жүрген жолмен сол сүрлеуді жаңарту. Жастарға жақсы тәлім-тәрбиесі бар. Халық ерекеше аталып өткеніне еркше қуанып жатыр. Наурыз мерекеде жолығып, жылдан-жылға жасарып, барлық мақсат-тілегіміздің орындалуына шын жүректен тілектеспін. Ал, мектеп ауласында қазақтың ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті. Онда жас өрендер боз кілемде белдесіп, білектілер қол күрестен сынға түсті. ӘЛІШЕР СӘРУАРДИН – ЖАТТЫҚТЫРУШЫ //54 бала қатысады қазақ күресіне. Гір спортына 16 бала қатысады. //Аудандық деңгейде, облыстық деңгейде орын алып, республикаға ауылымыздың спортшылары шығып жатыр. Жаман емес, жақсы. Ортақшыл ауылының тұрғындары ортақ істе ұйымшылдық көрсете білді. Оны ұлағатты ұстазға мұражай ашу ісі мен мерейлі мерекені тойлау барысында байқадық. Ауыл ақсақалдары жастарға береке бірлікті, түзеу тірлікті іспен көрсетті. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/