Suivant

АУЫЗ СУ АУЫЛҒА ЖЕТТІ МЕ?

18/01/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

2025 жылы Қазақстан халқы 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылуы тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында осындай тапсырма жүктеген болатын. Бұл мәселе өңірімізде оң шешімін тауып келеді. Мәселен, өткен жылы Арал мен Шиелі ауданындағы 6 елді мекеннің тұрғындары сапалы ауыз суға қол жеткізіп, облыс халқының орталықтандырылған ауыз суға қосылу көрсеткіші 98,4 пайызға жеткен. Бүгінде облыста барлығы 230 елді мекен бар. Оның ішінде 204 ауыл мен 4 қалада ауыз су мәселесі шешілген. «Қалған ауылдарды ауыз суға қосу мәселесі 2025 жылдың соңына дейін жоспарланып отыр», - дейді облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаин. Қазіргі таңда 26 елді мекенді орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, биыл 14 жобаны жүзеге асыруға 5,4 млрд.теңге қаржы қаралған. МЕДЕТ УСАИН – ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН-ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ //Біз Аралда Абай, Тоқабай, Ақбасты елді мекендерін группавой водопроводқа қосамыз. Сосын Аралдағы Ерімбет жаға, Тастөбетті ішкі құбырларды жүргізіп, сумен қамтамасыз ететін боламыз. Қазалыда дәл солай Сәкен, Сарыбұлақ елді мекендерінде тиісті жұмыстарды атқарамыз. Су тұщытқыш орнатамыз. Қазалыдағы Жұбаназар, Бірлік, Шиелідегі Ақтам, Бесқоздарды мәселесін шешеміз. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant