Suivant

Ауыл шаруашылығы техникасын алуға жеңілдік беріледі

09/01/25
Khabar 24
Dans Asie / Kazakhstan

Ауыл шаруашылығы өндірушілері мен химиялық өңдеу қызметін ұсынушыларға сатып алынған техника құнының 25%-і өтеледі. Бұл үшін Ауыл шаруашылығы министрлігінің инвестициялық субсидиялау ережелеріне тиісті өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ шегірткеге қарсы егістіктерді өңдеуге арналған техниканың саны 2 есе артты. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен жиында талқыланды. Кеңес Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің төрағалығымен өтті. Серік Жұманғарин Ауыл шаруашылығы министрлігіне егістік алаңдарының құрылымын қайта қарауды, бидай егу алқаптарын қысқартып, майлы дақылдар мен басқа да жоғары тиімділігі бар дақылдарды көбейтуді тапсырды. #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant