Suivant

Ашық есік күні

08/10/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағы ашық есік күнін өткізді. Іс-шараға құтқарушылардың отбасылары қатысып, арнайы техникалардың көрмесін тамашалады. Сондай-ақ, 19-қазан – құтқарушылар күніне орай ұйымдастырылған түрлі іс-шаралардың куәсі болды. Тақырыпты тілшіміз Мақсат Кәрібай тарқатсын. Нұркемел Айдынұлы оныншы сыныпта оқиды. Ашық есік күнінде ол өзін құтқарушы қызметінде жүргендей сезінді. Арнайы киімдерді киіп, әкесімен бірге жаттығу жасады. Ашық есік күніне қатысушылар жедел жасақтың сүңгуір құрылғыларын, өрт сөндіруге арналған жабдықтар мен арнайы техникалық құралдарын тамашалады. МАҚСАТ КӘРІБАЙ – ТІЛШІ: Жедел жасағында құтқару жасағында 75 құтқарушы бар. Олар 19 арнайы жол талғамайтын техника, 20-дан астам қайық, су асты және құрлықтық дрондармен жабдықталған. Олардың қатарына биыл тағы жол талғамайтын автокөлік пен осындай квадроцикл келіп қосылды. Қорғасын белдік, құтқарушылардың сенімді серігі қызметтік иттер, жол талғамайтын техника - бәрі-бәрі, әсіресе, кішкентайлардың қызығушылығын оятты. Мұндай іс-шара құтқарушылар күні қарсаңында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұрады. Құтқарушы кез келген оқыс жағдайға әзір болуы керек. Осы орайда, жедел жасақтың жігіттері кроссфит сайысын өткізіп, қызметкерлердің физикалық дайындығын паш етті. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant