Suivant

АЭС салу маңыздылығы талқыланды

18/09/24
JAMBYL TV
Dans Asie / Kazakhstan

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған Атом электр стансасын салуды қолдау жөніндегі халықтық штабтың мүшелері, Алматы облысына барды. Құрамында депутаттар, сарапшылар мен қоғам қайраткерлері бар штаб өкілдері, өңірде кәсіпорын ұжымдарымен, кәсіпкерлермен және жергілікті халықпен кездесіп, Қазақстанда АЭС салуға қатысты референдум өткізу мәселелерін талқылады. Алдағы референдум халық үніне құлақ асатын мемлекет ретінде Қазақстан азаматтарына еркін шешім қабылдауына мүмкіндік береді. Сондықтан, ел болашағы үшін дұрыс таңдау жасауға шақырған сенат төрағасы, бірқатар нысанды аралап, жұмысшылармен пікір алмасты. Жылыжай кешенінің жұмысымен танысып, Қапшағай су электр станциясына ат басын тіреді. Энергетика саласын дамыту бойынша мәселелерге тоқталды. Сайт - https://jambyltv.kz/ Instagram - https://www.instagram.com/jambyl_tv/ Facebook - https://www.facebook.com/jambyltv/ Tiktok - https://www.tiktok.com/@jambyltv08 Telegram - https://t.me/jambyl_tv

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant