Suivant

АҚШ-ты таңқалдырған ауыл баласы

14/02/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Жасанды интеллектті қазақша сөйлеткен сырдариялық өнертапқыш Асылжан Абдуллаевтың жобасына АҚШ-тың алпауыт компаниялары қызығушылық танытып отыр. Сондай-ақ жас технократ Өзбекстанда өтетін “IT Park” форумына шақырту алды. 11 сынып оқушысы Асылжан Абдуллаев алғаш рет жасанды интеллекті қазақша сөйлеткен жас технократ. Ол жасанды интеллектті қазақша сөйлету үшін 300 мыңнан астам сөз бен 220 млрдтан астам ақпаратты енгізген. Өнертапқыштың ойлап тапқан QazaqGPT бағдарламасын осы күнге дейін 2000-нан астам адам қолданып үлгерген. Енді ол өзге де жобаларды қолға алып, IT саласында өзін түрлі бағытта сынап көрмек. АСЫЛЖАН АБДУЛЛАЕВ - ЖАС ӨНЕРТАПҚЫШ //Осы ақпан айының басында Digital Almaty 2024 жобасындағы стартап distriсt яғни,ең үздік Орталық Азиялық стартаптар қатарынан көріндік.Осы үшін әрине біз ақпараттық орталыққа өзіміздің рақметімізді айтамыз.// СӘБИТ ИБАДУЛЛА - ОБЛЫС ӘКІМІ АППАРАТЫ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ //Қанша елден келген халықаралық мамандар,халықаралық IT бағытындағы компаниялар осы Асылжанның жобасын да көріп өтті. Асылжанның өзі сол форумның аясында құны 1 млн тұратын сол стэндтті ұтып алып, өзі сол жерге барып,өзінің жобасын таныстырып, «Qazaq gpt», яғни алғаш рет соны құрып,жасанды интеллектпен кез-келген командаларды,кез-келген ұсыныстарды әрі қарай жалғасын тауып,өзіңізге керекті дыбысты немесе басқа да процестерді жасап беруге мүмкіндігі туған үлкен жоба деп есептелінеді.// Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant