БАЛАБАҚШАЛАРҒА ВАУЧЕРЛІК ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛЕДІ
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мен облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлерімен кездесті. Жиында айтылған басты жаңалық - аймағымыздағы балабақшаларға енді ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізіледі. Ваучерлік қаржыландыру жүйесі - ата-аналарға қажеттіліктеріне сәйкес келетін балабақшаны өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді, ал оның қызметтерін мемлекет төлейді. Жоба мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігін, сапасын және ашықтығын арттыруға бағытталған және осы саладағы жағдайды түбегейлі жақсартуға арналған. АСҚАР ИБРАИМОВ - «ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ «Ваучерлік қаржыландырудың маңызды аспектілеріне назар аудару керек. Біріншісі - әділдік. Яғни, балалар бірыңғай кезекке тұрады. Осы күнге дейінгі тәжірибелерге қарасақ, кезек алға жылжымаса, артқа шегерілген емес, Екіншісі әрине, ол сапа. Ваучерлік қаржыландыру ата-ананың балабақшаны өз еркімен таңдауына мүмкіндік береді. Осылайша барлық балабақша балалар үшін жұмыс істемек. Сонымен қатар ата-аналар сапаға назар аударады. Ата-аналар бас тартқан бақшалар жабылады немесе білім беру сапасын жақсартуға көшеді. Сондай-ақ біз бұл жүйе арқылы «жалған тіркеуге» қатысты ұзақ жылғы мәселені шеше аламыз». Бұған дейін бұл жоба Тараз, Шымкент, Түркістан қалаларында пилоттық режимде жұмыс істеді. Бүгінде тиімділігін дәлеледеп отыр дейді мамандар. ЖАНАР ОСПАНОВА - ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ №9 БАЛАБАҚШАНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ «Бұл жоба бойынша ата-аналар жиналысын кеңінен өткіздік. Бұл жұмысты ата-аналарға түсіндіру барысында біз «индико» веб-порталымен жұмыс жасаудамыз. Осында әрбір ата-ана өзіне жеке кабинет ашады. Содан соң ваучерді алу үшін ата-ана бес кезеңдік жүйемемен алады. Бірінші кезекті қояды, кезегін күтеді, алады, балабақшаны таңдайды, құжаттарын жүктейді, бесінші күнделікті баласының барғанына табель толтырып отырады. Осыдан соң ай соңында балабақша есепшотына ақша түседі. Қазір бұл жұмыстар біздің балабақшаларымызда жүйелі жұмыс жасап жатыр». Облыстық білім басқармасы шілде айынан бері аталған тәжірибені жан-жақты зерделеуде. Сондай-ақ аймағымызда биометрикалық сәйкестікті бақылайтын «Қазына-фейс» мобильді қосымшасы арқылы балабақшаға күнделікті нақты келген балаға ғана мемлекеттік тапсырысты орналастыру мәселесі де жолға қойылған. Жиын барысында премьер-министрдің орынбасары екі жобаны қатар жүзеге асыруды ұсынды. ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «қазір ата-аналардың балабақшаға деген талабы жоғары. Сондықтан олар көбіне балабақшалардың бағдарламаларын қарайды. Баланы дамыту бағдарламасы қандай екендігіне назар аударады. Ал ақша бала қай балабақшаға барса, соған бағытталады. Міне осы жерде Face ID-ді осымен бірге қосып істеуге болады. Екі системаны қосуға болады. Соны қосып, фейс адимен доказать етулеріңізге болады. Балабақша да, ата-ана да очередь тұрғысынан осы арқылы сұрақтарына жауап ала алады». Ал, балабақшаларды ваучерлік қаржыландыру жүйесі аймағымызда 2025 жылдың мамыр айынан бастап іске қосылады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/