Suivant

БАСТЫ МІНДЕТ - АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ

08/01/25
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Азаматтардың заңды мүдделерін қорғау – Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басты міндеттерінің бірі. Бұл ретте департаментке келіп, шағымын жеткізген әрбір азаматтың мәселесі қараусыз қалмайды. Олар жалған немесе дұрыс емес көрсетілген мемлекеттік қызметтерге талдау жүргізу үшін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің арнайы жүйесі арқылы ай сайын жолданатын мәліметтерді зерделейді. Атап айтқанда, өткен жылдың қыркүйек айында Арал және Қызылорда қалаларынан екі бірдей қызмет алушының «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың электронды нұсқаларын беру» бойынша өтінімдері білім беру ұйымдары тарапынан белгіленген мерзімдерде орындалмай тұрғаны анықталған. Департамент бұл мәселені назарға алып, қызмет алушының сұранысына тиісті жауап берген. Жалпы мемлекеттік қызмет істері департаменті 2024 жылы аймақ бойынша осыған ұқсас 16 оқиғаның алдын алған. ӘМІРЖАН СӘКЕН - ОБЛЫС БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ «Тағы бір жағдай, Шиелі ауданының тұрғыны білім беру ұйымдарына бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдаған. Осы ретте департамент өз құзыреті шегінде шағымда баяндалған мән-жайларды айқындау мақсатында Шиелі аудандық білім бөліміне сұрау салу арқылы зерделеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде білім беру ұйымдары тарапынан мемлекеттік қызмет көрсетілмегені анықталды. Департамент аталған бұзушылыққа қатысты дереу ден қою шараларын қабылдау нәтижесінде қызмет берушімен аталған өнімдерге жауаптар ұсынылып, қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді». Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylorda_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant