Suivant

Басты құндылық - саяси тұрақтылық

15/05/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім қай кезеңде болмасын қымбат әрі қажет құндылық. Облыстық прокуратураның ұйытқы болуымен аталмыш тақырыпта арнайы семинар өтті. Семинарда Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының, «Этномедиация» орталығының өкілдері дәріс оқыды. Облыс әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов аймақ бойынша әлеуметтік-саяси шиеленістің алғышарттарын анықтауда нақты шаралар қабылданып, тұрақты мониторинг жұмыстары жүргізіліп жатқандығын тілге тиек етті. Аймақтағы қоғамдық-саяси ахуалды толыққанды білу мақсатында тоқсанына бір рет әлеуметтік зерттеу жүргізіледі. Тұрақтылық пен келісім болмаса, ешқандай реформа жүзеге аспасы ақиқат. Сондықтан саяси тұрақтылық басты назарда. Жалпы халықтың мақсат-міндеттері де осы құндылықтың төңірегінде ұйысқанын атап өткен ләзім. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant