Бейнебақылау камералары арқылы 126 қылмыс ашылды
Биыл аймақта жол қатынасын реттеп, қылмыстық оқиғаларды дер кезінде ауыздықтау мақсатында сапалы бейнебақылау камералары орнатылды. Бұл бастама көп ұзамай тиімділігін көрсетіп отыр. Жыл басынан бері 126 қылмыс ашылып, тәртіп сақшыларының қызметі жүйеленген. Мәселен, жыл басынан бері бейнебақылау камералары арқылы 44 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Соның басым бөлігі жол қозғалысы кезінде қауіпсіздікті қаперден шығарған азаматтарға қатысты әкімшілік іс. Бүгінде облыстық полиция департаментіне қарасты жедел басқару орталығында мамандар тәулік бойы үздіксіз қызмет етуде. Жыл басынан бері 126 қылмыс ауыздықталып, жаза басқандар жазаланды. Айта кетейік, облыс орталығында азаматтар көп шоғырланатын орындарда «102» және «SOS» секілді 15 дабыл батырма орнатылып, қала тұрғындарына қызмет көрсетуде. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/