Suivant

Бейнекамералардың көмегімен 122 қылмыс ашылды

10/10/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Аймақта жыл басынан бері бейнекамералардың көмегімен 122 қылмыс ашылды. 102 мобильді қосымшасына 22 хабарлама келіп түсіп, олардың барлығына тиісті қызмет көрсетілген. Бейнебақылаушылар азаматтардан түскен хабарламаларды қабылдау және өңдеу барысында аймақтағы ахуалды қадағалап, құқыққа қарсы әрекеттерді анықтау және алдын алу бағытында қызмет атқарады. «Жыл басынан бері бейнебақылау камераларымен 41 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, оның ішінде 34 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері тіркелген. «Мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру мақсатында бейнебақылаушы инспекторлар 3 мыңнан астам ұсақ бұзақылықты дер кезінде біліп, шара қабылдаған. «Ал қоғамдық орындарға масаң күйде келудің 2 мыңнан астам, қоғамдық орындарда тиісудің 300 дерегі тіркелді. Одан бөлек 2026 басқа да құқық бұзушылық анықталды», - деп мәлім етті облыстық полиция департаменті. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant