Suivant

Биыл электронды үкімет порталы арқылы 20 млн-нан аса мемқызмет көрсетілген

11/12/24
Khabar 24
Dans Asie / Kazakhstan

Елімізде жыл басынан бері электронды үкімет порталы арқылы 20 миллионнан аса мемлекеттік қызмет көрсетілген, деп хабарлайды 24kz. Қазір мемлекеттік қызметтің 90%-і электронды форматқа көшкен. Нәтижесінде Қазақстан Біріккен ұлттар ұйымының цифрлы мемлекеттер тізімінде 24-орында, ТМД ішінде бірінші орында тұр. Бұл туралы Алматыда өткен «Цифрландыру, жасанды интеллект және құқық» тақырыбындағы жиында айтылды. Оған елдегі Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев бастаған мамандар қатысты. Сарапшылардың пікірінше, цифрландыру саясаты-мемлекеттік басқарудан бастап сот жүйесі, құқықтық саладағы ашықтықты қамтамасыз етіп, әділ шешім шығаруға септігін тигізеді. Цифрландыру жүйесіндегі көшбасшы мемлекеттердің бірі – француз мамандары өз тәжірибесімен бөлісті. #электронды #үкімет #порталы #цифрландыру

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant