Suivant

БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫН ИГЕРУ НӘТИЖЕСІ ҚАРАЛДЫ

04/01/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Былтырғы жылдың қорытындысымен облыс бюджетінің игерілуі 99,3%-ды құрады. «Бұл көрсеткіш көңіл көншітпейді» деді аймақ басшысы. Өйткені, ел игілігіне бағытталған қаржы өз мақсатына жұмсалуы қажет. Облыс әкімі тапсырылған істі тиянақты тындыра алмаған басқарма басшылары мен қала, аудан әкімдеріне қатаң ескерту жасады. Бюджеттен бөлінген қаражаттың уақытылы игерілуі экономикалық дамуға ықпал етері сөзсіз. Облыс әкімі осыған дейін бюджеттің әр тиынын дұрыс пайдалану керектігін айтқан. Десе де, былтырғы жылы кемшілікке жол берген бірқатар басқарма бар. Мәселен, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы республикалық бюджеттен бөлінген 120 млн теңгені игермеген. НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ //Осыған байланысты жұмысыңды өте нашар деп айтуға болады. Бақылаған жоқсың, қараған жоқсың. Жұмыс жасаған жоқсыңдар. Соның кесірінен 120 млн теңге РБ қайтып кетті.// Қаржы игеру көрсеткіші Қызылорда қаласы мен Арал ауданында да ақсап тұр. Айталық, облыс орталығын абаттандыруға, көркейтіп-көгалдандыруға, инфрақұрылым желілерін жаңғыртуға, аялдамалар орнатуға бағытталған қаржы игерілмей қалған. НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ //Қызылорда қаласында игеру 98,5 пайызды құрайды. Игерілмеген қаржы 1 млрд 443 млн теңге. Оның ішінде үнемделгені 194 млн. Ұлттық қор Ұлттық қор қаржысы есебінен 247,3 млн. теңгені, республикалық бюджеттен бөлінген 32,4 млн.теңгені игермеген Қызылорда қаласы әкімдігінің көрсеткіші өте төмен.// Мәжіліс соңында облыс әкімі бюджет қаржысын тиімді пайдалануды және дұрыс жоспар жасауды тапсырды. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу конкурстарының жедел жариялануы үшін тапсырыс берушілер техникалық ерекшелік және біліктілік талаптарын сапалы әзірлеуі қажеттігін ескертті. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant