БІЛІМ САЛАСЫНДА ОҢ БАСТАМА КӨП
Биылғы жыл білім саласы үшін табысты түйінделіп отыр. Жыл ішінде бірнеше мектеп пайдалануға беріліп, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде салынатын білім ошақтары ірге көтерді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде облыс бойынша 21 мектеп салынуы тиіс. Соның 10-ының құрылысы биыл басталды. Сондай-ақ «Білімді қолдау қоры» есебінен құны 7 млрд 900 млн теңге тұратын физика-математика бағытындағы 400 орындық мектеп-интернаттың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Білім ошағы жаратылыстану бағытын тереңдетіп оқытатын еліміздегі бірден-бір оқу ордасы болмақ. Жыл еншісіндегі және бір жаңалық шалғайдан қатынайтын оқушылар үшін жаңа үлгідегі 30 автобус алынды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстанда шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу туралы бастамасы аясында қарашада Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті жанынан СеулТех Жасанды интеллект және информатика жоғары мектебі ашылды. Сондай-ақ, жылжабар тұста «Үздік педагог-2023» республикалық байқауына қатысқан 139 үміткердің арасынан сырбойылық 3 ұстаз оқ бойы озық шығып, әрқайсысы 3 миллион теңгеден олжалады. АСҚАРБЕК ЕСЖАНОВ – ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ //2023 жыл білім саласы үшін табысты жыл болды. Білімнің бюджеті 278 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 19 пайызға артты. Үш ауысымдықты болдырмау және оқу жүктемелерін азайту мақсатынды қаладағы 4 мектепке 1850 орынға арналға қосымша ғимараттар салынып берілді. Бәйтерек мөлтек ауданынан және Байсын ауылынан жаңадан мектеп пайдалануға берілді. // Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/