БІРЛІК КҮНІНДЕГІ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА
Қазақстан халқының бірлігі күніне орай облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен түрлі этнос өкілдері президент саябағына барып, ағаш көшеттерін отырғызды. Елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. Оның ішінде Сыр өңірінде 11 этномәдени бірлестік мүшелері достық үйі шаңырағының астында бірліктің берік үлгісін көрсетуде. Бүгінгі мерекеге орай сол тілеуі бір қауым бір ауыздан президент саябағын көгалдандыруға атсалысты. Облыс әкімдігі ұйытқы болған экологиялық шарада 100-ден астам ағаш көшеттері отырғызылып, түрлі сала қызметкерлері айналаның абаттануына үлес қосты. ГАЛИЯ ГИЗАТУЛЛЛИНА – ТАТАР ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ /Біз жыл сайын бұл айтулы мерекені асыға күтеміз. Себебі, бірлік күнінің тағылымдық мәні зор. Қазақстан татулықтың құтты мекені, оның ішінде туған жеріміз – Қызылорданың орны ерек. Өскен өлкемізді гүлдендіру ортақ іс. Сондықтан таңнан бері табиғатты аялауға атсалысып жатырмыз/ Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/