Бір айлық нәрестеге ота жасалды
Облыстық балалар ауруханасында 1 айлық нәрестенің асқазан ішек жолдарына ота жасалды. Операцияны Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығынан келген дәрігерлер сәтті жасап шықты. Жалпы отандық дәрігерлердің тәжірибе алмасуы бірінші рет емес. Білікті мамандар 4 күн ішінде 200-ден аса науқасқа нақты кеңес беріп үлгерді. СНХ: АСЫЛЖАН ЕРЕКЕШОВ - ПЕДИАТРИЯ ЖӘНЕ БАЛАЛАР ХИРУРГИЯСЫ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ "Бала денсаулығына қатысты көптеген көтерілетін мәселелерді талқылып, осы әріптестерімізге көмектесу ретінде 4 күн бойы жұмыс істедік. Мына Арал, Қазалы, Жаңақорған, Шиелі аудандарына барып, әріптестерім сол жақтарда бірталай көмек көрсетті. Ал мына операция ойдағыдай өтті. Асқазан-ішек жолдарын қайтадан қалпына келтірдік. Енді бәрі жақсы болады деген сенімдеміз». Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/