Suivant

Бұқаралық спорт дамып келеді

15/11/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Бұқаралық спорт дамып келеді. Облыста спортпен тұрақты түрде шұғылданатындардың саны 328 мың адамға жеткен. Бұл көрсеткіш облыс тұрғындарының 39 пайызын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 12 мың адамға артып отыр. Яғни халықтың спортқа деген қызғушылығы жоғары, дейді сала басшысы. Аймақта спорттық нысандар саны да артып келеді. Мәселен, өткен жылы 13 спорт кешенінің құрылысы жүргізілсе, биыл ауылдарда тағы 10 спорт кешенінің құрылысы басталды. ЖҰЛДЫЗХАН ЕРҚОСАЕВ - ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ, СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ «Жалпы 2024 жылы аудандарда - 4,7 млрд. теңгені құрайтын 10 спорт кешенінің құрылыс жұмыстары басталды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқанды жүруде. Құрылысы басталғандар – Жаңа жол, ІІІ Интернационал, Қожабақы, Бекарыстан би, Шижаға, Келінтөбе ауылдары мен Әйтеке би және Шиелі кенттерінде. Бұдан бөлек, биыл аймақ басшысының қатысуымен Қызылорда қаласының сол жағалауында құны 20,9 млрд. теңгені құрайтын 11 мың орындық стадионның іргетасы қаланды. Бұдан бөлек, жақында ғана құны 2,4 млрд. теңгені құрайтын заманауи үлгідегі «Үстел теннисі» орталығының құрылысы толығымен аяқталып, ел игілігіне табысталды. Бұның барлығы аймақ спортының дамуы үшін жасалып жатқан жұмыстар». Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant