Вейптерге тыйым салатын заң күшіне енді
Электронды темекі өнімдерін, хош иістендіргіштерді және оларға арналған сұйықтықтарды сатуға, таратуға, жарнамалауға тыйым салған заң күшіне енді. Вейптердің айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Президент 19 сәуірде қол қойған заң күшіне енді. Құжат бойынша электронды темекі өнімдерін сатқан адамға 700 мың теңгеден астам айыппұл салынады немесе 200 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылады. Заңда 50 тәулікке қамау жазасы да қарастырылған. Вейптер шет мемлекеттен әкелетіндіктен, шекарада бақылау күшейген. Дегенмен, Еуроодаққа кіретін мемлекеттерден келген жүктің тексерусіз өтетінін пайдаланған әккі кәсіпкерлер ұрымтал тұсты пайдалануы мүмкін, дейді кеденшілер. Ал, өзге елдерден кіретін жүк арасында анықталса, шара қолданылады. БОЛАТ МЫРЗАҒАЛИ – ҚР ҚМ МКК КЕДЕНДІК ОПЕРАЦИЯЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ //Бұзатын болса, әкімшілік не қылмыстық жазалар қолданылады. Көлеміне байланысты, бағасына байланысты соган сай қылмыстық іс болса, басқа құзырлы органдарг жібереміз. Басқа жолдарн іздеуі мүмкін. Айналып өту жолдары, кантрабанда не басқа жолын ізедйді олар.// Ішкі істер министрлігі өкілдерінің айтуынша, тыйым салынған вейпті елге әкеліп, айналымға жібергенлер 7 млн тг-ден астам айыппұл төлейді. Тауардың көлеміне қарай 1200 сағатқа жұмысқа жегіледі. Егер бұл әрекеттерді қылмыстық топ жасаса, 5 жылға дейін бас бостандығын айыру жазасы кесіледі. РЕНАТ ЗУЛХАИРОВ – ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ //Анықталған жағдайда қылмыстық іс қаралады. Профилактикалық рейдтер апта сайын өтеді, еріктілер, қоғамдық қорлар, әкімдік өкілдері қатысады.// Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/