Гандбол: Қазақстан әйелдер құрамасы Кореядан жеңіліп қалды
Қазақстан әйелдер құрамасы Оңтүстік Кореяға есе жіберді. Гандболдан Үндістан астанасы Нью-Делиде өтіп жатқан Азия чемпионатының кезекті күнінде қос команда арасында тартысты кездесу өтті. Қазақстан әйелдер құрамасы болса 2002, 2010 жылдары Азия чемпионы атағын жеңіп алса, 2021 жылы қола жүлдегер атанған болатын. Ойын барысында қазақстандық ганболшылар 20 да 30 есебімен есе жіберді. Айта кетейік жерлестеріміз А тобында ойын көрсетеді. Қарсыластары Қытай, Сингапур және Оңтүстік Корея. Алғашқы турда ел құрамасы Қытайды 28:26 есебімен тізе бүктірді. Енді олар 6 желтоқсанда Сингапурмен ойнайды. Ал В тобында Жапония, Үндістан, Гонконг және Иран сынға түсіп жатыр. Әрбір топтан алғашқы екі орындағы құрамалар плей-офф сатысына жолдама алады. Сайт - https://kokshetv.kz Instagram - https://www.instagram.com/kokshe.tv/ Facebook - https://www.facebook.com/kokshetv/ Twitter - https://twitter.com/Kokshe_TV Tik Tok - https://tiktok.com/@kokshe.tv Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: https://qazaqstan.tv/app BirgeTV: http://qazaqstan.tv/birgetv