ДЕПУТАТТАР ЗАМАНАУИ МЕДИА ТЕТІКТЕРІН ҮЙРЕНДІ
Халық қалаулылары елмен етене болуы тиіс. Бұл бұқараның басты талабы. Ол үшін барлық деңгейдегі депутаттар саяси медиа тетіктерін жіті білуі шарт. Осы орайда облыс орталығында алғаш рет семинар-тренинг ұйымдастырылып, жергілікті мәслихат депутаттарына саяси SMM-ді жетілдірудің жай-жапсары түсіндірілді. Мәслихат сессиялары мен тұрақты комиссия отырыстарында тұрғындарды толғандырған түйіткілдер жиі сарапқа салынады. Бірақ жиын соңындағы шешім жұртшылыққа толыққанды жете бермейтіні жасырын емес. Бүгінде сайлаушылармен кері байланыстың ең тиімді жолы – әлеуметтік желілерде белсенді болу. Дегенмен депутаттардың көбі парақшасын жүргізуге немқұрайлы қарайды. Жиын барысында мұның кереғар тұстары айтылып, саяси SMM арқылы ақпарат алмасудың тиімді тетіктері сөз болды. Айта кетейік, «Аманат» партиясының саяси менеджмент академиясы қолға алған бастама өңірлер арасында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Семинар-тренингке Алмас Тоқабаев, Рамазан Дәулетбаев және Ерлан Мүсіп секілді медиа саланың білікті мамандары арнайы шақыртылған. ЕРЛАН МҮСІП – «KOZILDIRIK MEDIA GROUP» PR АГЕНТТІГІНІҢ БАСШЫСЫ / Қазақстан бойынша 2600-ге жуық адам оқытылады. Осыған дейін Астана қаласында өткіздік. Бірінші болып өңірлерде Қызылордаға келіп отырмыз. Мұнда 100-ге жуық депутаттар жиналды. Басты мақсатымыз, жұртшылыққа ақпаратты дұрыс жеткізуге үйрету/ Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/