ДҮКЕН САТУШЫСЫН ҚАРУМЕН ҚОРҚЫТҚАН

15/01/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Облыс орталығында дүкен сатушысына қарсы қару қолданды деген күдікпен 23 жастағы тұрғын ұсталды. Оқиға 7 қаңтарға қараған түні сағат 3:30 шамасында орын алған. Әлеуметтік желіде тараған видеода, 3 жігіттің дүкенге басакөктеп кіріп, өздеріне керекті заттарды ұрламақ болған сәті бейнекамераға анық түсіп қалған. Мұны байқап қалған сатушы қыз оларды тоқтатпақ болады. Алайда күдіктілер дөрекілік танытып, оны балағаттап, дүкен ішінде жүрген сатуышының ағасын соққыға жығып, кетіп қалады. Қалалық полиция басқармасы таратқан дерекке сүйенсек, орын алған жағдайға қатысты 23 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, қалалық мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге «ұйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасын қолданған. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par