Еліміздегі сирек металдар саласының даму қарқыны талқыланды
Алматы облысындағы Бұғыты кен орнында вольфрам концентраты өндірісі іске қосылды. Жобаға салынған инвестицияның жалпы құны – 350 млн АҚШ доллары. Еліміздегі осы және өзге де сирек металл өндірісі бойынша атқарылып жатқан істер мен саланың даму қарқыны туралы кеңес өтті. Үкімет үйінде өткен басқосуда Өнеркәсіп және құрылыс министрімен қоса, Қазатомөнеркәсіп, Тау-Кен Самұрық, Ұлттық технологиялық болжау орталығының басшылары есеп берді. Жиында неміс компаниясымен бірлескен литий кен орындарын игеру бойынша жобалардың аяқалысы да талқыланды. Кореяның KIGAM институты Шығыс Қазақстан облысында литийге геологиялық-геофизикалық зерттеулер жүргізіп жатқаны баяндалды. Премьер-министр батарея материалдарын, тұрақты магниттерді өндіру, ресайклинг әдісі және ыстыққа төзімді қорытпаларды өндіру секторларына баса назар аудару керек екенін атап өтті. Жалпы, Қазақстанның сирек металдар өндірісі бойынша әлеуетіне қысқаша тоқталсақ, елімізде бериллий, скандий өндіретін әлемдегі толық циклді үш зауыттың бірі жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ тантал мен ниобий өндіретін жаһандық төрт өндірістің бірі орналасқан. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/