Suivant

ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНЕН САЯХАТ

01/01/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Аралдық балалар аудан әкімінің шыршасына қатысып, ертегілер еліне саяхат жасады. Жаңа жылдық кештің куәсі болып, Аяз ата мен Ақшақардың сыйлығына ие болды. Бүлдіршіндерге шаттық сыйлаған шырша тойы туралы келесі бейнематериалда. Жаңа жыл бүлдіршіндердің асыға күтетін мерекесі. Сондықтан аудан әкімінің шыршасына балалар ерекше дайындықпен келіпті. Мерекелік жиында өнерлі өрендер «Күлше қыз» ертегісін қойып, түрлі кейіпкерлердің образын сомдады. Ал, кештің басты қонағы Аяз ата мен Ақша қар бал тілді балапандардың тақпағын тыңдап, тәттілер таратты. Қоян жылы білім саласы үшін табысты болды. Ауданда жекеменшік әріптестік негізінде үш балабақша салынып, балғындарға қызмет көрсетуде. Мұнан бөлек «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Арал қаласында бір білім ошағының құрылысы басталды. Білім саласындағы жаңалықтармен бөліскен аудан әкімі балаларды Жаңа жылмен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Жүздері бал-бұл жанған бүлдіршіндер ән айтып, би билеп шат-шадыман күйге бөленді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant