Suivant

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ

26/09/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

«Еңбек күніне» орай облыс әкімі маңдай терімен, адал қызмет етіп жүрген жандарға құрмет көрсетті. Қарапайым еңбеккерлерге шипажайға жолдама беріліп, қаржылай сертификаттарға ие болды. Қыркүйектің соңғы жексенбісі «Еңбек күні» болып бекітілгеніне он жылдан асты. Бұл күнді мерекелеудің мақсаты – өнімді еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы мамандықтарды насихаттау және жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайту. Жиында облыс әкімі еңбек адамдарын дәріптеудің маңызына тоқталып, жұмысшы мамандарды даярлау бағытындағы іргелі істерді баяндады. НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ Аймақтың еңбек нарығына қажетті, сұранысқа ие мамандықтардың ұзақ мерзімді болжамын анықтау үшін мамандықтар Атласы әзірленуде. Менің тапсырмам бойынша Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мамандықтар Атласын әзірлеу мақсатында 20 қызметкерді арнайы оқудан өткізді. Ел Президентінің 2025 жылы 9 сыныпты бітірушілердің жұмысшы және орта буын мамандықтары бойынша білім алуға ниетті жастарды 100 пайыз тегін кәсіптік біліммен қамту тапсырмасына орай келесі жылы бюджет есебінен 5 308 орынға мемлекеттік тапсырыс бөлінуде. Осылайша, біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маманды қалыптастыра аламыз. Бұл мереке – адал еңбегімен, маңдай терімен ел дамуына өлшеусіз үлес қосқан азаматтарға құрметтің көрінісі. Жиында туған жер алдындағы азаматтық парызын адал атқарып, ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген елжанды азаматтар сөз алды. Іс-шара барысында түрлі салада еселі еңбек етіп, ел алғысына бөленген азаматтарға облыс әкімінің Алғыс хаты мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Біліктілігімен, өз ісінде жоғары жауапкершілігімен сый-құрметке бөленген 10 азаматқа 400 мың теңгелік сертификат, тағы 10 азаматқа шипажайға жолдама берілді. Мерекеде құрметке бөленгендердің бірі 40 жылдан астам уақыт механизатор болып еңбек еткен Төлеу Жабағиев. Адал ісімен абыройға кенелген еңбексүйгіш азаматтар қандай марапатқа болса да лайық. Аймақ басшысы жиын қорытындысында еңбекші қауымды қолдауға басымдық берілетінін жеткізді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant