Suivant

ЕҢБЕК ДАУЫНА НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ

28/11/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Облыстық фтизиопульмонология орталығының мамандары 10 жыл бойы аса қауіпті топқа жататын қызметкерлерге төленетін әлеуметтік аударымды ала алмай келген. Соның салдарынан қызметкерлердің көбі заңда көрсетілген жеңілдіктен қағылып, дер кезінде зейнетке шыға алмаған. Дау тудырған мәселе қалалық сотта қаралып, аталмыш орталықтың кінәсі толығымен дәлелденді. Фтизиопульмонология орталығында туберкулезге шалдыққан науқастар ем қабылдайды. Ал, онда еңбек ететін мамандар кез-келген уақытта ауру жұқтырып алу қаупі бар. Сондықтан олардың ай сайынғы жалақысына 5 пайыз қосымша әлеуметтік төлем аударылып отыруы тиіс-ті. Алайда, 10 жыл бойы бұл талап ескерілмеген. Ең қиыны, осының салдарынан қызметкерлердің көбі заңда көрсетілген жеңілдіктен қағылып, дер кезінде зейнетке шыға алмай отыр. Енді бұл дауға сотта нүкте қойылып, 54 қызметкерге әлеуметтік төлем төленетін болды. НҰРЛАН ТӨЛЕШ – ҚАЛАЛЫҚ СОТ СУДЬЯСЫ Талап қоюшылардың конституциялық құқығы шектелген. Себебі, жалпы айтқанда туб больница ғой. Сол жерде жұқпалы аурумен ауыратын адамдармен жұмыс істейді. 2013 жылы Үкіметтің қаулысы бегітілген. Осыдай жағдайда жұмыс беруші жалақыға қосымша 5 пайыз төлеуге міндетті. Заңға сәйкес, аса қауіпті топқа жататын қызметкерлердің ішінде әйелдер 51, ал ерлер 58 жастан зейнетке шығуы тиіс. Енді аталмыш орталықтың 40-тан астам маманы осы жеңілдікке жүгіне алады. Ал, сот үкімімен өндіруге жолданған әлеуметтік төлемнің жалпы сомасы 40 млн теңгеден асып жығылады. АЗАМАТ МАРАТ – ЗАҢГЕР Талап арыз толық қанағаттандырылды. Яғни, 54 қызметкерге төленуі керек 5 пайызды міндетті зейнетақысы сонымен қатар, 10 пайыз өкіл шығындары барлығы өндірілді. Барлығын қосқанда 40 млн 252 мың теңге. Жауапкер өзінің кінәсін толығымен мойындап, осындай қортындыға келдік. Осылайша, 3 айға созылған еңбек дауына нүкте қойылды. Айта кетейік, сот үкімі 1 айдың ішінде заңды күшіне енеді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant