Suivant

ЖАЙДАРМАН: МАУСЫМАШАР

24/10/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Өңірімізде дәстүрлі “Маусымашар-2025” жайдарман ойындары басталды. Жыл сайын өтетін бұл іс-шараға 30-ға жуық команда тіркелген. Олардың ішінен 20 команда іріктеліп, мектеп және жоғары лигаға жолдама алды. Ойынға қатысушы жастар өздерінің әзіл-қалжыңдары арқылы көрерменнің көңілін көтеріп қана қоймай, өзекті мәселелерді астарлай жеткізді. Жайдарман сахнасы тек әзіл-оспақ алаңы емес, жастарды шабыттандаратын, сөз өнерінің сан қырын көрсететін кеңістік. Әрбір күлкілі мезеттің артында терең ой, тапқырлық пен өмір шындығы жатады. Биылғы маусымашар ойындарына барлық қатысушы тыңғылықты дайындықпен келіп, көрерменнің жүрегінен жол табуға барын салды. АСЫЛХАН ДҮКЕНБАЕВ – ЖАЙДАРМАНШЫ Жайдарман әмбебап қой, барлығы бар мұнда өзіңді ұстауың, сөйлеуің, өзіңді көрсетуің, сахна мәдениеті бар. Жайдарманға бірінші келген кезде басында қиын болады. Жеңіліске мойып қалмай, еңбектене берсе, соның арқасында биік жетістіктерге жетеді. Алматы, Шымкент, Түркістан, Тараз, Жамбыл өңірлерінен келген командалар сұлу Сырдың бойында қағытпа қалжыңдарымен көпшіліктің көңілін көтерді. ҚАДЫР БАҚДӘУЛЕТ – «АБСОЛЮТ» КОМАНДАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ Біз Түркістан қаласынан келіп отырмыз. «Абсолют командасы» Туризм университетінің атынан қатысып отырмыз. Бұрынғы кезде ата-бабаларымызға кесене қойылған ғой, қазігі таңда неше түрлі аттар көбейіп кетті ғой «Хан ата» деген секілді, соларға да кесене қойылып жүрмесін деп әзіл қостық. ЖАНӘДІЛ ХАМИТ – «АССОРТИ» КОМАНДАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ Жалпы біз жайдарманға ұзақ уақыт дайындалдық. Сол уақыт аралығында редактура болған кезде қаншама сценарийлармызды қиып тастап жатты. Соның барлығын қайта қойып, ойында жақсы нәтиже көрсеттік. «Жайдарман» ойыны бүгінде жастардың сүйіп көретін жобаларының бірі болғандықтан, келген көрерменнің де қарасы көп. Әзілге толы кештің көрермендері де командаларға дән риза. АЯТ ОҢАЙБЕК – КӨРЕРМЕН Жайдарман маған ұнап жатыр. Барлық команда жақсы дайындықпен келген, бәрінде драв бар. Әсіресе ұнаған командалардың бірі «Қазанғап» командасы. Маған қатты ұнады, көрерменнен де шапалақ, барлығы жеткілікті. Тілші: Әзілмен көмкерілген өнер алаңы жастардың шабытын ашып қана қоймай, өмірлік жолын табуға да септігін тигізеді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant