Suivant

ЖАЛАҒАШТА ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

01/01/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Жалағаш ауданында жыл үздіктері анықталды. Өңірдің өсіп-өркендеуіне үлес қосып жүрген азаматтарға аудан әкімі салтанатты жиында құрмет көрсетіп, алғысын білдірді. Жалағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде оң өсім бар. Жыл басынан бері өнеркәсіп орындары 29 млрд теңгенің өнімін өндірсе, өңірге 15 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған. АРДАҚ ИБРАИМОВ – АУДАН ӘКІМІ //Республика, облыс көлемінде болып жатқан оң өзгерістермен бірге ауданымыз үшін шын мәнінде бірлік пен берекенің, ел тілегі жүзеге асқан, серпінді жобалардың орындалуымен аса құнды жыл болды. Жаңа жұмыс орындары ашылып, құрылыс қарқынды жүрді, көптеген нысандар бой көтеріп, әлеуметтік мәні зор ірі жобалар іске асырылды.// Салтанатты шарада ауданның әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына үлес қосқан бірқатар азаматқа «Еңбек озаты» медалі табысталды. Сондай-ақ, түрлі сала мамандары «Жыл үздігі» номинациясына ие болды. «Жыл ұстазы», «Жыл оқушысы», «Жыл құтқарушысы», «Үздік дәрігер», «Үздік мәдениет қызметкері», «Үздік ұжым» иелеріне де құрмет көрсетілді. Сондай-ақ бірқатар азаматқа облыс және аудан әкімдерінің алғыс хаты табысталды. Салтанатты шара соңында көпшілік жергілікті өнерпаздардың мерекелік концертін тамашалады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant