Suivant

Жалған ақша өткізбек болған адамдар тобы құрықталды #qazaqstan

14/11/24
KOKSHE TV
Dans Asie / Kazakhstan

Қаржылық мониторинг агенттігі жалған шетел валютасын өткізу фактілерінің жиілеп кеткені жайлы мәлімдеді. Ведомство ақпаратына сүйенсек, Алматы қаласында жалған 100 долларлық купюраларды сатумен айналысқан тұлғалар тобы анықталды. Қылмысқа қатысушылардың бірінің тұрғылықты жерін тінту барысында 149 дана жалған доллар табылды. Жалпы соммасы 14 900 АҚШ доллары. Құқық бұзушылар ұсталып, сот оларға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерімен бірлесіп жалған валютаны өткізу фактісі анықталды. Бір топ адам Орал қаласындағы лотерея клубтарының бірінде жалған 25 000 АҚШ доллары мен 10 000 евро өткізген деп күдіктелуде. Күдіктілер бас тігу мақсатында бұл қаражатпен шоттарын толықтырған. Сайт - https://kokshetv.kz Instagram - https://www.instagram.com/kokshe.tv/ Facebook - https://www.facebook.com/kokshetv/ Twitter - https://twitter.com/Kokshe_TV Tik Tok - https://tiktok.com/@kokshe.tv Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: https://qazaqstan.tv/app BirgeTV: http://qazaqstan.tv/birgetv

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant