Suivant

ЖАЛҒАН СЕНІМХАТ АРҚЫЛЫ ҚАРЖЫ ЖЫМҚЫРҒАН

10/01/25
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Жалған сенімхат арқылы мекеме қаражатын жымқырған 37 жастағы тұрғынға қатысты сот үкімі шықты. Ол 2018 жылы таратылған «Сырдария аудандық туберкулезге қарсы диспансерінің» есеп-шотындағы 8 млн 200 мың теңге көлеміндегі қаржатты қолды еткен. Облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұсынған дерекке сүйенсек, 2023 жылдың қыркүйек айында Тараз қаласының тұрғыны «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының Астана қаласындағы филиалына диспансердің басшылары атынан жалған сенімхат ұсына отырып, ақшалай қаражатты шешіп алған. Заңға қайшы әрекет жасаған тұрғынға қатысты қылмыстық кодекстің 190-бабы, 3-бөлігі, 1 тармағымен іс қозғалып,Сот үкімімен кінәлі деп танылды. Сотталушы жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 4 жылға айырылды. Оған қоса, 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Ал, мемлекетке келтірілген залал толық өндірілді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylorda_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant