Жастарға энергетикалық сусындар сатуға тыйым салынады
Енді Қазақстанда 21 жасқа толмаған адамдарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынады. Бұл норма Мәжілістің жалпы отырысында қабылданған лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заңда қамтылды. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, құмар ойындарға әуестенген азаматтар түні бойы сергек жүру үшін энергетикалық сусындарды көптеп алады. ЕЛНҰР БЕЙСЕНБАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ //Қаржылық мониторинг агенттігі мәліметіне қарағанда, қазір кәмелетке толмаған 200 мыңнан астам адам тұрақты түрде құмар ойын ойнаған. Бұл жасөспірімдер де энергетикалық сусындарды ішіп отырып, бәс тігулері мүмкін. Энергетикалық сусындар алкогольден де қауіпті болды. Қазір 10 жасар бала да энергетикалық сусынды оңай сатып алады. Осыған орай Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 21 жасқа толмаған адамдарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынды.// МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ БӘС ТІГУІНЕ ЖӘНЕ БУКМЕКЕРЛЕРДІ ЖАРНАМАЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ Мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметкерлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары бәс тіге алмайды. Бұл шамамен 280 мың адам. Оларға ешқандай ескерту болмайды. Яғни бәс тіккен жағдайда бірден жұмыстан шығарылады. Сонымен қатар байланыс операторларына құмар ойындардың жарнамасы бар хабарламаларды жіберуге тыйым салынды. Құжатта букмекерлік кеңселер мен казиноларды жарнамалау барынша шектелген. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/