Suivant

Жасырын фитозертхана табылды

02/04/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Облыс орталығында жеке тұрғын үйдің ауласынан жасырын фитозертхана анықталды. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында сондай-ақ аса ірі мөлшерде есірткі тәркіледі. 52 жастағы қала тұрғынының мекен-жайын тексеру барысында қабырғалары пластик фольгамен қапталған фитозертхана ішінен жарықдиодты құрылғылар мен суаруға арналған құрал-саймандар табылған. Сонымен қатар, 214 түп қарасора айғақ зат ретінде алынды. Мұнан бөлек, сарай ішінен 8 дана газет қиындысына, 6 дана полиэтилен пакетіне және пластикалық бөтелкеге салынған өзіне тән ерекше хош иісі бар шөп тәріздес заттар анықталған. Тағайындалған сараптама қорытындысына сәйкес, күдіктіден 3 келі 980 грамм есірткі, 5 келі 426 грамм «кептірілген марихуана» мен 4,65 грамм «гашиш» тәркіленді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant