Жас инспекторлар байқауы
Биыл жол-көлік апатынан 12 бала қаза тапты. Оған түрлі факторлар себеп. Соның бірі, жасөспірімдердің жолда жүру ережелерін білмеуі. Жүйіткіген жүргізушілердің де жауапсыздығы болуы мүмкін. Осы орайда мектеп оқушылары «Қозғалыстың жас инспекторлары» атты облыстық байқауға қатысып, заң мен тәртіп төңірегінде білім-білігін сынады. “Алға қадам бас” бұйрығынан кейін жас инспекторлар жасағының командирлері бір-бірден ортаға келіп, баянат жасады. Бұдан кейін жас инспекторлар өнерпаз жастардың өнерін тамашалады. Оқушылардың жол қауіпсіздігі ережелері мен ұшқыр ойы сынға түскен байқауға облыстан 7 команда қатысты. Заң мен тәртіпке терең бойлайтын бұл жарыста өрендер алдымен саптық жиын бойынша шеберліктерін көрсетті. Қатысушылар «Жол қозғалысы ережелері белгілері», «Үгіт бригада», «Жас санитар», «Жас реттеуші», «Ашық үзіліс», «Эрудиттер сайысы» бойынша сыңға түсіп, байқаудың көркін қыздырды. РУСЛАН ЖАҚСЫЛЫҚОВ – ОПД ЖПҚБ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ // Министрдің бұйрығымен біз жолда қабылау акциясын, балалардың жолда қауіпсіздігі, абайлаңыз балалар, скутер деген іс-шара өткіземіз. Осы іс-шараларды өткізу барысында осы жас инспекторлардың көмегімен халыққа, жүргізушілерге, жаяу жүргіншілерге үгіт насихат жүргіземіз. Иә, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол қауіпсіздігі ережелері жиі айтылып жүр. Алайда, статистика көңіл көншітпейді. Әсіресе, жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол апаты көбейген. МҰРАТБЕК МАНАТОВ – ОПД ЖПҚБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Қазіргі таңда обылсымызда жасөспірімдердің қатысуымен 175 жол көлік оқиғасы орын алып, оның ішінде 12 бала қаза тауып, 176 бала түрлі дене жарақатын алған. Ұйымдастырылып жатқан іс-шараның басты мақсаты жасақтардың қызметін жетілдіру, олардың көмегімен балалар арасында жол көлік оқиғасының алдын алу болып табылады. Ал, келесі кезеңде талапкерлер жол ережесіне қатысты тест тапсырды. Жалпы, білім алушылар мектеп қабырғасында арнайы үйірмелерде білімін жетілдіріп жүр. Мәселен, «Бағдаршам» тобы облыстық іріктеу жарысына тыңғылықты дайындалып келген. Олар тәлімгергерімен жан-жақты жұмыс істеп, биыл республикалық жарысқа жолдама алуды көздеп отыр. СӘНИЯ ҚАРЫМСАҚОВА – Е.КӨШЕРБАЕВ АТЫНДАҒЫ №279 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ТӘЛІМГЕРІ // 5 сыныптан 9 сыныпқа дейін, топта болады. Ол оқушыларға үнемі жол ережелерін түсіндіре отырып және бастауыш сынып оқушыларына жол ережелерін насихаттап отырамыз. Соңғы сайыс байқаушылар үшін маңызды болды. Себебі, жол ережесіне қатысты арнайы қойылым қою керек. Бұл кезең жас инспекторларға оңай соқпады. Десе де, оқушылар бұл сайыстан сүрінбеді. Жеті кезеңде де топтық жұмыс көрсетіп, үздік атанған Қармақшы ауданы Елеу Көшербаев атындағы №279 мектеп-лицейінің оқушылары қазылар алқасының шешімімен 3 орынды иеленді. Ал, екінші орын Арал ауданының №83 орта мектептің білім алушыларына бұйырды. Барлық сайыстан ең жоғары ұпай жинаған Сырдария ауданынан келген №210 орта мектебінің жас инспекторлары бірінші орынға лайық деп танылды. Барлық жеңімпаздарға бағалы заттар мен алғыс хат табысталды. Сондай-ақ, бірінші орын алған оқушыларға республикалық жарысқа жолдама берілді. Сондай-ақ, оқушылардың шеберлігін шыңдап жүрген бірқатар тәлімгерге де сый-сияпаттар табысталып,құрмет көрсетілді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/