Suivant

Жаңақорғанда білім беру саласының қызметкерлері сотталды

14/02/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Еңбекақы төлеу қорынан 1 млрд теңгеден аса қаражат жымқырған Жаңақорған ауданындағы білім бөлімінің басшысы мен бас есепшісі сотталды. Сондай-ақ, осы іске қатысы бар тағы 24 мектептің бухгалтерлерінің қылмысы дәлелденіп отыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Баспасөз қызметінің мәліметінше, сот үкімімен білім бөлімінің басшысы мен бас есепшіге 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Сондай-ақ, мектеп бухгалтерлерінің біріне асырауында жас баласының болуына байланысты 5 жыл мерзімге жазасын кейінге қалдыра отырып, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сотталғандар мемлекеттік қызметте және өзге де ұйымдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant