Жергілікті өнім өндірушілерге басымдық берілуі тиіс – кәсіпкерлер
Сол арқылы әрбір облыс, өз жеріндегі кәсіпкерлікті қолдау қажет. Бұл мәселе заңдық тұрғыда бекітілсе, аймақтарда өндіріс өркендейді. Тұрақты жұмыс орындары көбейіп, еңбекпен қамтылғандар саны артады. Жетісу облысында жүрген Мәжіліс депутаттары Болат Керімбек пен Руслан Қожасбаевқа кәсіпкерлер осылай деп, базынасын жеткізді. Әрі шетелден тасымалданатын тауарлар, ішкі нарықтағы жағдайды күрделендіріп тұрғанын айтты. Мәселен қазір азық-түлік өнімдері мен қант зауыттары, кірпіш құятын кәсіпорындардың тауарына сұраныс азайған. Жүзден аса адамға жұмыс беріп отырған кәсіпорын басшысы сапалы өнім өндіргенімен, тендерді жеңіп алған компаниялар құрылыс заттарын сырттан тасымалдайтынын атап өтті. #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24