Suivant

Жол құрылысы сапалы жүргізілуі керек

17/09/24
JAMBYL TV
Dans Asie / Kazakhstan

Көше жөндейтін компаниялардың кепілдік мерзімі кемінде екі жыл болуы керек. Олай болмаған жағдайда, мердігерді нарықтан ығыстыру қажет. Аппарат мәжілісінде аймақ басшысы әкімдер мен құзырлы мекеме басшыларына осылай деді. Жүргізілген зерделеу барысында тараптар арасында жасалған кейбір келісім-шарттарда көптеген кемшіліктер анықталған. Нақтырақ айтсақ, жол құрылысына жауаптылар тиісті құжатта жасаған жұмыстарына кепілдік бермейді. Салдары белгілі, жыл өтпей жатып, жолдардың сапасы сыр бере бастайды. Осындай олқылыққа жол берген әкім-қараларға Ербол Қарашөкеев қатаң ескерту жасады. Сайт - https://jambyltv.kz/ Instagram - https://www.instagram.com/jambyl_tv/ Facebook - https://www.facebook.com/jambyltv/ Tiktok - https://www.tiktok.com/@jambyltv08 Telegram - https://t.me/jambyl_tv

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant