Suivant

ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

02/10/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Өңірдегі білім мен ғылымның қарашаңырағы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті жоғары білім қызметкерлері мен қарттар күні мерекесін салтанатты түрде атап өтті. Жоғары оқу орындары арасында өзіне лайықты орнын иеленген, тарихы тереңнен сыр шертетін Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті заман талабына сай мамандар даярлауда көш басында келеді. БЕЙБІТКҮЛ КӘРІМОВА – ҚОРҚЫТ АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ - РЕКТОР Құрметті әріптестер, университеттің стратегиялық дамуына зор үлес қосып, сапалы маман тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп келесіздер. Игі істеріңіздің қашанда оң болуына, әр қадамдарыңыздың қарымды болуына, қоғам алдындағы қадірлеріңіздің арта беруіне шын жүректен тілектеспін. : Ғылыми әлеуетті арттыру, ғалымдарды қолдау мәселесі де назардан тыс қалып тұрған жоқ. Түрлі санаттағы ғылыми жобалар орындалып, оқу орнының әлеуеті артып келеді. Мұның барлығы білім қызметкерлерінің өз міндеттерін жоғары жау¬апкершілікпен жұмыла көтеруінің негізінде болып жатқаны да белгілі. АЙМАН АЙТБАЕВА – ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ Бүгін ана тіліне қосқан үлесі үшін деп аталатын медальмен марапатталдым. Бұл бірінші рет маған енді қуаныш есебінде, өйткені бұл күн жоғары білім қызметкерлері күні деп ерекше аталып отыр. ИБАДУЛЛА ТӘУТЕНОВ – АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ Университет қызметкерлері мен оқытушыларының жұмысы өте табысты. Ағартушылық қызмет қай уақытта да қиын болатыны белгілі. Соған қарамастан университет ұжымы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмысты табысты ұйымдастырып келеді. Байлығы – білім, еңбегі – ғылым болған үлгілі ұжымның салтанатты шарасы концерттік бағдарламаға ұласты, өнерпаздар қызметкерлерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant