Жылда жыр болған жер мәселесі
Кезектесіп жыл өтіп жатсада, жер кезегі кезегін өзгертпей келеді. Кең байтақ Қазақстанның өзінде жер жетпей жерге кезекке тұрғандар 3 млн 600мың адамнан асады. Ал, жер қоры 14,4 млн га асатын Жамбыл облысының өзінде 126 мыңға жуық адам жер кезегін күтуде. Сонда, кезек қандай қарқынмен жылжуда? Әрбір Қазақстандық алуға тиіс 10 соттық жердің жайы неге қиындап барады? «Жер кодексінде» ойылып тұрып жазылған норма орындалудан қалды ма? Таразда кері кеткен кезекке кім жауапты? «Аманатта» арнайы кездесу өткізген мәжілісмен Бақытжан Базарбек жер мәселесіне қатысты тұрғындар тілегін тыңдады. Сайт - https://jambyltv.kz/ Instagram - https://www.instagram.com/jambyl_tv/ Facebook - https://www.facebook.com/jambyltv/ Tiktok - https://www.tiktok.com/@jambyltv08 Telegram - https://t.me/jambyl_tv